Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/www-root/data/www/minialgo.kz/wp-config.php on line 52
Жаңарған, жайнаған Жаңатас!   — «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Жаңарған, жайнаған Жаңатас!  

 

Саялы мекен Сарысу ауданының жалпы аумағы – 31,3 мың шаршы метр. Ал халқының саны  42 мыңға жуық. Ауданда 26 елдімекен мен 9 ауылдық округ және 1 қала бар. Ол аудан орталығы – Жаңатас қаласы.

Жаңатастың іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қаланыпты. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қала мәртебесін алған. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға тап болған шағын шаһар бүгінде күн санап көркейіп келеді, — деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында көптеген тірліктер атқарылып, қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы түзелді. Жарты ғасырға жуық тарихы бар Жаңатас қаласында қазір 22 мыңнан аса халық бар. Ел арасында «Жаңа Париж» атанып кеткен қалада қираған үйлер тазаланып, жарамдысы жаңғыртудан өтіп, тұрғындар игілігіне берілуде. Бос тұрған тұрғын үйлердің жөндеуден өтіп, тұрғындар иелігіне тапсырылуы тіршілік дүбірін тіпті жандандыра түсті.

Тұрғындар қазір ауыз суды тәулік бойы тұтытатындай мүмкіндікке ие болған. Келер жылы қалаға табиғи отын кіргізілмекші. Еліміз егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы ауыртпалық кеншілер шаһарына да оңай соққан жоқ. Десе де, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, соның арқасында шаһар тынысына кеңейіп сала берді. Жолдарды жөндеу, су құбырларын тарту, газ құбырын жүргізу, ауылдарды көріктендіру, абаттандыру, бизнесті дамыту бағытында нақты міндеттер жүзеге асуда. Ауданның мәдени-рухани саласы жылдан-жылға жақсаруда. Соңғы жылдардың өзінде қаланың білім, мәдениет ошақтары, кітапханалар заманауи үлгіге өтіп, жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшті.

Жоғарыда айтқан шағын ауданда қаңырап бос қалған үйлерді арнайы құрылған комиссияның шешімімен қайта жөндеп, халықты қоныстандыру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халыққа сапалы қызмет көрсету, тұрғындардың баспанаға қатысты мәселесін шешу, Қазақстанның кез-келген елді мекендерінде жайлы, қауіпсіз өмір сүруі жайлы нақты айтылған. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы бос тұрған үйлерді қалпына келтіруде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлінуі сеп болғанын айта кетуіміз керек.

Бүгінде жаңарған шаһарда екі мыңға тарта азамат пәтер кезегінде тұр. 2012-2018 жылдар аралығында 8  үйдің құрылысы аяқталып, 720 азамат қоныс тойын тойламақ. Осы үрдіс жалғасын тауып, наурыз айында 60 отбасы баспаналы болса, биыл тағы да көппәтерлі екі үй қалпына келтірілуде.

Ағымдағы жылдың ораза айында жомарт азаматтардың демеуімен 4 бірдей көпбалалы аналардың баспаналы болуы да үлкен қуаныш.

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *