⚜️” РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2023” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ КІТАПХАНА БАҒЫТЫ БОЙЫНША 78 ҮМІТКЕР ҚАТЫСУДА

🔸Фестивальдің бірінші күні Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасының директоры Эльмира Абдинова «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша кітапхана жұмысын қорғады.
~Ал Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гульфайруз Инкарбекова «Балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша екінші күні баяндама жасады.
▫️Ендігі кезекте Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Алшынбаева «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша облыс намысын қорғайды.
~Барша жамбылдық қатысушаларға сәттілік тілейіз!