Рухани жаңғыру – дамудың даңғыл жолы

Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері де талқылады. Мұндағы мақсат мақалада айтылған  «Туған жер» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойына әскери патриоттық тәрбиені сіңіру. Бастысы елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жергілікті басқару органдарының бірден–бір алға қойған міндеті әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелту. Осы ретте әскери патриоттық тәрбиені жастардың Отанына деген махаббатының шынайылығынан көре аламыз.

-Ұлты үшін ұлы істеге барған ата-бабаларымыздың ерлігін, халықтың бірлігі мен ынтымағы, шекарамыздың бүтіндігін сақтап қалу жолында   еткен ерен еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі болса керекБұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Бұл мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Осы рухани құндылығымызды жоғалтпаған жағдайда ғана біз «Мәңігілік елге» айналамыз,-дейді МО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Жәмила Бұхарбаева.

Ұлт көшбасшысының айтып отырған бағдарламасы да осының айғағы болса керек. Рухани бай адам ғана бәсекеге қабілетті санасы ояу болады. Бұқаралық сана-сезімнің «Отбасы, ошақ қасында» қалуына бей-жай қарамаған Елбасы бұл мәселені де көтереді. Сонда бізге дамыған 30 елдің қатарына кіруге қарым-қабілетіміз жеткілікті, бәскелестікке дайын боламыз. Айтылған 6 бағытта аталмыш жиыннан тыс қалмады. Әр талдауы жеке талқыға түсіп, жүктелген міндеттер бойынша жұмыстар атқару керектігіде айтылды. Елбасының экономикалық және саяси жетістіктерімізді ары қарай дамыту үшін бізге рухани  жаңғырту қажет деген сөзін әскери қызметшілер толық қолдап отыр. Себебі, рухани бай адам кез-келген мәселені байсалдылықпен қарап, байыбына барады. Саяси және экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыру үшін қоғамның рухани жаңғыруы қажет. Мұнан бөлек Елбасы мақаласында көпшілік талқысына түскендердің бірі латын әліпбиіне көшу. 2025 жылға қарай іс қағаздарды, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығара бастау айтылған. Бұл бастамаға әскери қызметшілер дайындықтарын жеткізді.

 Жәмила Бұхарбаева

МО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің

баспасөз қызметінің басшысы