«РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМЕН ОРТАҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №76 мектеп-лицейімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сафура Төлекова басқаратын білім ошағында Әлихан Бөкейхан атындағы мұражай бар. Мектеп-лицейіне Әлихан есімін беру бұған дейінгі Алаш мұрасына қатысты өткен жиын-конференцияларда бірнеше рет айтылды.

Осы меморандумға қол қою сәтінде «Алаш алқасы» жобасын жүзеге асыру жөнінде бастама көтерілді. Аталған ғылыми-интеллектуалдық жастар клубының алғашқы жиыны 31 мамыр күні сағат 15:00-де №76 мектептің «Әлихан Бөкейхан» мұражайында өтеді.

Ал тараптар меморандумды орындау мақсатында төмендегідей бағытындағы жұмыстарды атқарады:

— Нұр-Сұлтан қаласында тараптар ұйымдастыратын латын графикасына көшуге қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарына, көшпелі шараларға атсалысу;

— қала аумағындағы оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне  латын әліпбиі мен оның емле-ережелерін оқыту бойынша әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу;

— қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, латын әліпбиін насихаттауға және түсіндіруге;

— Тіл туралы заңнамалардың орындаулуына бағытталған байқаулар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және т.б іс-шараларды өткізуге;

— Жастар арасында отансүйгіштікті дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуге және олардың шығармашылығын дәріптейтін тақырыптық конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын жасауға;

— Меморандум мақсаттарын іске асыру үшін ғылыми-зерттеу топтарын құру және оларды ғылыми-танымдық экспедицияларға жіберуге;

— Қазақстанның өзге де өңірлерінде Меморандумның мақсаттарын жүзеге асыру аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру, сонымен қатар әдістемелік және өзге де көмек көрсетуге;

— Баспа қызметін, аудио, бейне және өзге де өнімдерді әзірлеу ғылыми-тәжірибелік конференциялардың және меморандумның мақсаттырына сай келетін өзге де материалдарды дайындауға және таратуға және басқа да ортақ істерге атсалысу.

Сонымен бірге, меморандумда:

«Астана   қаласы әкімдігінің  2018  жылғы 7   тамыздағы № 511 – 1414  қаулысымен құрылған Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік     мекемесі,   оның      атынан   Жарғы   негізінде  әрекет  ететін   басшы Ержан Серікболұлы Еңсебай, бір тараптан және №76 мектеп-лицейі, оның атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директоры  Сафура Төлекова, екінші тараптан өзара ынтымақтастық туралы меморамдумды жасасты» — делінген.