Руһқа нәр беретін, «Рухани жаңғыру» саябақ ашылды.
Ақмола облысы Ақмол ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні, Астана қаласының 20 жылдығы және Целиноград ауданының 90 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» мәртебелі демалыс саябағы ашылды. Салтанатты жиынға облыс әкім қатысып, Ақмол жұртын мерекеге орай саябақтың ашылуымен құттықтады.
Облыс әкімі М.Мырзалиннің салтанаты жиндаа, аудан халқын құттықтауы.
Iс-шараға ерекше көрiнiс келбетте басталды. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени орталықтарының жастары салтанат меймандарын «Мерекелiк сәлем» қойылымымен қарсы алып, құрмет көрсетті. Саябақ Астана іргесіндегі жаңа қонысқа ауысқан, аудан орталығының сәулет келбетімен үйлесімі жарасып, жасыл бақтары Ақмолдың көркімен абройын асыратына , ауыл тұрғындары қуанышты. Саябақ жасыл желектермен көмкеріліп, суландыру жүйесi тартылған, кең алқапты жасыл аймақта, демалыс орындары, ойын алаңдары, су бұрқақ, тайқазан, қобыз, кигіз үй сияқты ұлттық нақыштағы бейне көріністер жайғасқан екен.
Мерекенің негізгі шарасында, облыс әкімі М. Мырзалин бастаған ресми қонақтар «Рухани жаңғыру» мәдени демалыс саябағының ашылу рәсімін жасады. Аудандағы 44813 әскери бөлімінің сарбаздары мемлекеттік рәміздерді құрметпен алаңға жеткізді. Мемлекеттік туды осы бөлімнің үздік сардары капитан Серік Шегебаев тұғырға көтеріп, көк аспанға көк туды желбіретті. Ту көтеріліп, ән ұран шырқалып бітте, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі және Астананың 20 жылдығына орай ашылған «Рухани жаңғыру» саябақтың, мән мағнасына кеңінен тоқталып, көпшілікке жақсы лебіз білдірді. Әкім сөзінде:
–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Елдіктің белгісі, мемлекеттің мәртебесі, айбынын асқақтататын Ту, Елтаңба, Әнұранды айрықша қастерлеп, әр қазақстандықтың жүрегінде тұруы керек. «Патриоттық сезiм туған жерiне деген сүйiспеншiліктен басталады» — деген ұлағатты сөзін қайталай отырып, біз, барша қазақстандықтар , елдің басты мерекелердiң бiрi , Мемлекеттiк рәмiздер күнiн мерекелеудеміз. Нағыз патриоттар үшiн, Ту, Елтаңба мен Әнұран — елдіктің киесі, әр қазақстандықтың бойындағы бұлжымас қасиеті ». Мерейтойлар қарсаңында ашылған жаңа саябақ тұрғындарға тамаша тарту болды. Мәңгілік елдің туы биіктен көрінсін! –деп, аудан жұртын құттықтады. Мерекелiк iс-шара концерттiк, ойын сауық бағдарламалармен ұласты. Астаналық облыстың Астана іргесінде, Елорданы қоршай орналасып, азық түлікпен қамтамасыз етіп отырған іргелі аудандардың бірі Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында айтулы мерекелерге орай, ауылға ерекше шырай беретін, көркіне мәртебесі сай «Рухани жаңғыру» саябағының ашылуы, елді бір серпілтіп тастады.
Дахан Шокшир.