РУХЫ МЫҚТЫ АДАМДАР НЕДЕН АУЛАҚ ЖҮРЕДІ?

1. ОЛАР ӨЗДЕРІН АЯП-ЖҮДЕГЕНГЕ УАҚЫТ ЖІБЕРМЕЙДІ
Сіз ешқашан олардың жағдай осылай болып қалды, немесе басқа біреу әділетсіздік істеді деп ақталғанын естімейсіз.
Олар үнемі қабылдаған шешіміне, сосын одан шыққан қорытындыға жауапкершілік қабылдап үйренген, жалпы олар өмірде бәрі әділетті бола бермейтінін жақсы түсінеді.
Олар небір қиын жағдайларда өзінің қателескенін анық түсініп, болған оқиғадан ғибрат алып шығады. Атқарған ісі көңілден шықпай қалса, олар қаймықпастан келесі жолы болады деп сенімді түрде айтады.
2. ОЛАР БАСҚА АДАМНЫҢ ӨЗІН БАҚЫЛАП-ҚАДАҒАЛАУЫНА РҰҚСАТ БЕРМЕЙДІ
Олар үнемі өз әрекеті мен мінезін қадағалап отырғандықтан, бұл іске басқаның араласқанын қаламайды, олардың мықтылығы мен артықтығы осында.
3. ОЛАР ӨЗГЕРУДЕН ТАЙСАЛМАЙДЫ
Олар өзгерістен сескенбейді, әрі кез-келген тағдыр тәлкегіне қарсы тұра алады. Белгісіздіктен қорықпайды. Олар әрекетсіздіктен, жылжымастан бір орында тұрып қалудан қорқады.
Олар барлық өзгерістің бұрынғыдан да артық болуға берілген мүмкіндік екенін, әрі сол арқылы қоршаған әлемді жақсартатынын жақсы біледі.
4. ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙТЫН НӘРСЕСІНЕ КҮШ ЖҰМСАМАЙДЫ
Олар ешқашан тығынға немесе жүгімді жоғалттым деп шағымданбайды. Олар басқа адамдарға да шағымданбайды, себебі оларды бақылап, қадағалай алмайтынын түсінеді.
Олар өмірде сондай жағдайлар болатынын, өздерінің тек жеке қарым-қатынасы мен оған деген әсерін ғана қадағалай алатынын түсінеді.
5. ЖҰРТТЫҢ БӘРІНЕ ЖАҚСЫ БОЛЫП КӨРІНУГЕ ТЫРЫСПАЙДЫ
Жұртың бәріне жақсы болып көрінгісі келетін адамдарды білетін боларсыз? Немесе басқаның көңілін табу үшін өз қалағанынан бас тартатындарды да? Бұл екеуі де дұрыс емес.
Рухы мықты адам әділетті, әрі жақсы болуға тырысады. Ол басқаларды қуантатын нәрселерді айтуы мүмкін, бірақ ешқашан өз көзғарасын ашық білдіруге қорықпайды.
Тіпті ол сол айтқан сөзінің басқаларға ұнамайтынын білсе де, өз көзғарасынан таймайды.
6. ТӘУЕКЕЛГЕ БАРУДАН ҚОРЫҚПАЙДЫ
Рухы мықты адамдар тәуекелге барғыш. Бұл алдын-ала біліп алмаған ұйыққа ай-шай жоқ, баспен сүңгіп кету емес.
Олар шешім қабылдар алдында асықпастан әр істің тәуекелі мен пайдасын біліп алады, олар мұндай жағдайға жалпы бағалап қарайды, тіпті оның теріс кетуі мүмкін екенін де есептейді.
7. ӨТКЕНІН ҚАРАЛАМАЙДЫ
Бұрынын еске алып, ондағы жіберген қателіктерін, оларды енді түзей алмаймын деп айту кез-келгеннің қолынан келмейді. Бірақ мұндайды тек рухы мықты адамдар ғана істей алады.
Олар өткен өмірін мақтап, ақтаудың дұрыс емес екенін жақсы біледі. Одан гөрі қазіргі сүріп жатқан өмірін, болашағы жарқын болуына бар күшін салады.
8. ОЛАР ЕШҚАШАН ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІКТЕРІН ҚАЙТАЛАМАЙДЫ
Ақымақтықтың не екенін бәріміз жақсы білеміз, солай емес па? Бұл бір адамның әр жолы бір тірлікті істеп, шешім қабылдап, және ол өткен жолғыдағыдай жеміс береді деп үміттенетіні секілді.
Рухы мықты адамдар толығымен бұрынғы атқарған ісіне жауапкершілік алып, оны қайталамау үшін, жіберген қателіктерінен сабақ алады.
9. ӨЗГЕНІҢ ЖЕТІСТІГІН ҚЫЗҒАНБАЙДЫ.
Тек мықты адам ғана басқаның жетістігіне шын риза болады. Рухы мықты адам басқаның жеңісін қызғанбастан, өзімен жұмыс істеп, жақсы болуға ұмтылады.
10. СӘТСІЗДІКТЕН СОҢ БЕРІЛЕ ҚОЙМАЙДЫ
Әрбір сәтсіздік – бұрынғыдан да артық болуға деген мүмкіндік. Жолы болған көптеген адамдардың айтуынша, олардың алғашқы істері өте ауыр боп, көптеген қиыншылықтар алып келгенін мойындайды.
Рухы мықты азаматтар аздаған жеңілістерді басынан өткізуге дайын, сонымен қатар олар сол жеңілістердің бәрінен қаншама тәжірибе жинап, ғибрат алатынын, солардың арқасында жеңіске жететінін біледі.
11. ОЛАР ЖАЛҒЫЗДЫҚТАН ҚОРЫҚПАЙДЫ
Рухы мықтылар жалғыздықтан ләззат ала алады және оның қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі. Олар осы уақытта пікір қылып, жұмысын жоспарлайды.
Бұл олардың басқа адамдардан қашқанын білдірмейді, немесе оларға мұқтаж емес деген сөз емес, бірақ олар өз ісіне берік: олардың көңіл-күйі мен бақыты басқа адамдарға байланысты емес.
12. ОЛАР ӘЛЕМНІҢ БҰЛАРҒА ЕШТЕҢЕ ҚАРЫЗ ЕМЕС ЕКЕНІН ЖАҚСЫ БІЛЕДІ
Рухы мықты адамдар өздерінің мамандығы мен жетістіктеріне қарамастан, дүниенің оларға ештеңе қарыз емес екенін: жалақы да, қоғамдық пакет те, жайлы өмір де беруге тиіс емес екенін жақсы біледі.
Олар бірдеңеге қол жеткізуі үшін, Құдайдың құтты күні еңбек етеді.
13. ОЛАР ЖЕДЕЛ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІСІ КЕЛМЕЙДІ
Бұл шынықтыру ма, диета ма немесе жаңа бизнес бастап жатыр ма, оның бәрі маңызды емес, рухы мықты адам о бастан алдында ұзақ жол күтіп тұрғанын жақсы біледі.
Олар уақыты мен күшін өлшей жұмсап, үнемдей біледі, әр сатыда қандай жетістікке жеткенін есептеп, атап отырады. Олар шыдамшыл келеді, сосын күткен өзгерістері уақытпен келетінін жақсы біледі.
14. ОЛАР БІРЕУДІКІН АЛМАЙДЫ, ӨЗІНІКІН БЕРМЕЙДІ
Біреудің дүниесіне қызығып көз алартпайды, олардың табиғатында ондай қасиет жоқ. Бірақ олар өзінікін ешқашан ешкімге бермейді……….
Жәзира Дүйсенбекова
аударған Жүрсін Кәрім