«С.Сейфуллин киген аяқ киім»
Сәкен Сейфуллин 1929 жылы Қырымның Алупка қаласындағы шипажайда демалып жатқан кезде, осы аяқ киімді сатып алған. Көптеген замандастарының естеліктеріне қарағанда, ақынның киім киюі және киім тандау мәнері еуропалықтарға жақын болған.
Мұражай қорында осы туфлиді киіп, Қырым шипажайында, судың жағасында, үлкен тастың үстінде отырып түскен ақынның фотосуреті сақталған және де осы сапары жайлы хаттарында айтып кетеді.
Аяқ киім қара және сұр былғарыдан тігілген, өлшемі 39-41 аралығында, өкшесіне нәл қағылған. Туфлидің табанындағы белгілер мен жазулар, дөнгелек және үшбұрышты қойылған бұрыштама-мөрлерге, «особый заказ обуви» — деген орысша жазулар бар, осыған қарағанда, арнайы тапсырмамен тіктірген болуы керек.
Дарынды жазушының өмірін толығырақ білгілеріңіз келсе мұражайдың қонағы болуға шақырамыз!