Сəуле апайдың туған күніне арнау

Толғаса тарихтан сөзі дара!

Қуанса шуақ шашып маңайына,

Сыйлы боп келе жатыр ағайынға.

Тынымсыз уақыттың өрмекшісі,

Өрмелеп бара жатыр самайына.

 

Өмірдің көрген жақсы, жаманында,

(Бір күні есеп берер Ар алдында!).

Шаттықтың шуағына шомылғанмен,

Құрбаны болған талай жаланың да.

***

Шын күліп, шын жылайды, жаныменен,

Емделген Алғыс дейтін дəріменен?

Тіл үшін шырылдайды тыным таппай,

Қазақтың қайсар қызы қаныменен.

***

Толғайды заман жайлы, адам жайлы,

Ізгілік көктесе деп армандайды.

Найза — сынмен қаншама түйреп өтті,

Ұлтына илікпеген сормаңдайды.

 

Өзі қажы, өзі ұстаз, өзі ана,

Салт — дəстүрді ұстанған кезі дара.

Немере — шөбереге ардақты əже,

Толғаса тарихтан сөзі дана!

***

Күресіп қоғамдағы жалғандықпен,

Келесіз бір қайтпастан алған беттен!

Туған күн құтты болсын, Сəуле апай,

Артыңыздан аңырап қуып жеткен!

***

Құрметпен: Нағашыбай Қабылбек

және «Қазақстан-Заман» газетінің ұжымы