САБАҚТЫ ИНЕ СӘТІМЕН…

Негізі жұмыс уақыты ретінде сәрсенбіні таңдауымыз кездейсоқтық емес , әдетте серсенбі сәтті күн ретінде белгілі.

 

 

28.08.2019 ж. тағы бір сәрсенбінің сәтіне «Қарашаңырақ» жобамыздың аясындағы жас отбасыларға қолдау орталығының кезекті кездесуі өтті.
Қуантатыны, бүгін қатысуға тілек білдірген жұп саны әдеттегіден көп болды.
Арасында орыс, өзбек, неміс ұлты өкілдері де бар, ешқайсысын өгейсінбей, барлығымен ашық-жарқын әңгіме-кеңес жүргізілді.
Барлығы отбасылық өмірге саналы түрде келгендіктерін, жұбайлық жауапкершілікті толық қабылдағандықтарын айтуда.
Бұл құптарлық, енді лайым іс жүзінде осы шешімдері көрініс тапса, соған жан-жақты қолдау жасап, қалыптасып кеткенше хабардар болуға уағдаластық. Бір-екі жұп тойларына қадірлі қонақ ретінде де шақырып кетті.
#Қарлығаш Бекпатшақызы отбасылық өмірдегі ер мен әйелдің ролі туралы әңгіме өрбітсе, #Баян Орынбасарқызы отбасындағы бала құқықтарына тоқталды.

 

Бүгінгі жұмыс тобы құрамында болып, белсенділік танытқан #Бердібек Хабайдың да жастарға тұшымды кеңесі ақылға қонды.
Жоба авторы #Тұрар Саттарқызы ажырасудың салдарын қарастырды.
Кездесу соңында бір жұп «Сіздерге кездескен біз қандай бақыттымыз» деді, бұл біз үшін алғыстың үлкені, бастысы баяны бар бақыт болсын!
Кездесуден соң Сарыарқа әкімі Ерғали Қуандықұлы Егембердінің #Yergali Yegemberdi, АХАТ (ЗАГС) бөлім басшысы #Шәйкенова Бақытгүл Тәуекелқызының қатысуымен алдағы жоспарлар талқыланды.
Алда атқарар жауапты жұмыстар көп, көштің жүре түзелетіні сияқты, қоғамымыз да жұмыла кіріссек қаймағы бұзылмас.

 

 

Келесі кездесу 2019 жылғы 4 қыркүйекте әдеттегідей сәрсенбінің сәтінде болады.
Кездесу орны: Сарыарқа әкімдігі ғимараты, 104 бөлме, «Қара шаңырақ» орталығы. — с Бердибеком Хабаем.

 

Тұрар Сәттарқызы