SaBelle сән үйінің негізін қалаушы: Карантинде біз жаңа дағдыларды үйрендік
Кәсіпкер Белла Закариянова әлемде және Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың оң
өзгерістерге ұмтылатын уақыт екеніне сенімді. Бұл туралы кәсіпкер Нұр-Сұлтан қаласы
әкімдігінің ресми сайтына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, кәсіпкер бизнесін
бір минут ішінде қайта құруға мәжбүр болған – қызметкерлер эксклюзивті көйлектер
тігуді доғарып, бүгінгі күні өте қажет бетперде шығара бастады. #БізБіргеміз челленджі
аясында SaBelle сән үйі елорда тұрғындары үшін 2 мың маска таратты. «Бүгінде бүкіл
әлем пандемия құрсауында. Бұл көптеген елдердің экономика деңгейіне әсер етті. Соның
ішінде біздің еліміз ірі және шағын бизнес өкілдерінің қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.
Отандық тауар өндірушілер ретінде, бұл бізге де әсер етті. Дегенмен, мен тігін ательесінің
басшысы ретінде өз қызметкерлеріме, сондай-ақ адамдарға бетперде шығаруды шештім.
Халық біздің тауарымызды қуана сатып алды. Әрине, біздің қызметкерлер үйде отырып,
жалақы алды. #БізБіргеміз челленджі аясында SaBelle сән үйіміз елорда тұрғындары үшін
екі мың маска таратты», – дейді киім дизайнері, SaBelle сән үйінің негізін қалаушы Белла
Закариянова. Кәсіпкердің айтуынша, оған карантин кезінде бизнесті жүргізудің жаңа
дағдылары мен тәсілдерін үйренуге тура келген. Қазір фирма онлайн режимде жұмыс
істеуді жоспарлап отыр. «Дағдарыс бізге көптеген қағидаттарды қайта қарауға, көп
нәрсеге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді деп ойлаймын», – дейді Белла
Закариянова. Сондай-ақ кәсіпкер ҚР Президентінің бүгінгі сөйлеген сөзі өте маңызды
екеніне сенімді. «Көптеген маңызды жайттар айтылды. Әсіресе мені кәсіпкер ретінде
ұлттық бизнесті қолдау туралы тармақ қызықтырды. Осындай жобалардың арқасында
жеңіл өнеркәсіптің болашағы мен өсіміне деген сенім нығаяды. Біздің Президентіміз
экономикамызды әлемдік дағдарыстан абыроймен алып шығарына сенімдімін», – деді
SaBelle сән үйінің негізін қалаушы. Естеріңізге сала кетейік, бүгін төтенше жағдай
жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Онда ҚР Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қолдау және бизнесті дамыту шараларын жүзеге
асыру үшін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленетінін
мәлімдеді.
Основатель Дома моды SaBelle: За время карантина мы научились новым навыкам
Предприниматель Белла Закариянова уверена: сложившаяся ситуация в мире и в
Казахстане – идеальное время, чтобы меняться. Об этом бизнесвумен рассказала в
интервью официальному сайту акимата Нур-Султана. По ее словам, бизнес пришлось
перестраивать за минуты – от пошива эксклюзивных платьев и вещей сотрудники начали
производить столь необходимые сегодня многоразовые маски. В рамках челленджа
#БізБіргеміз Дом моды SaBelle раздал 2 000 масок для жителей столицы. «На
сегодняшний день весь мир – под прицелом пандемии. Это повлияло на уровень
экономики многих стран, в том числе и наша страна была вынуждена приостановить
деятельность представителей крупного и малого бизнеса. Нас, как отечественных
товаропроизводителей, это тоже коснулось. Тем не менее я, как руководитель швейного
ателье, решила выпускать в поддержку своим сотрудникам, а также людям многоразовые
маски. И народ с удовольствием покупал наш товар, ну и, естественно, наши сотрудники
получали заработную плату, сидя дома. В рамках государственного чэлленджа
#БізБіргеміз наш Дом моды SaBelle раздал две тысячи масок для жителей столицы», –
говорит дизайнер одежды, основатель Дома моды SaBelle Белла Закариянова. По словам
бизнесвумен, за срок карантина пришлось научиться новым навыкам и подходам к
ведению бизнеса. Сейчас и вовсе фирма планирует работать в режиме онлайн. «Думаю,
что кризис дал нам возможность пересмотреть многие принципы и посмотреть на многие
вещи под иным взглядом», – говорит Белла Закариянова. Также бизнесвумен уверена, что
сегодняшнее выступление Президента РК – очень важное. «Было много важных аспектов,
особенно меня, как предпринимателя, заинтересовал пункт о поддержке национального
бизнеса. Очень хочется верить в будущее и рост легкой промышленности благодаря таким
проектам. Я уверена, что наш Президент с достоинством выведет нашу экономику из
мирового кризиса», – заключила основатель Дома моды SaBelle. Напомним, сегодня
состоялось заключительное заседание Государственной комиссии по чрезвычайному
положению. На нем Президент РК Касым-Жомарт Токаев заявил, что для осуществления
мер поддержки граждан и развития бизнеса разрабатывают комплексный план по
восстановлению экономического роста.