Сәби сатып құрыққа ілінді
Жаңа туған сәбиді сату фактісінің жолы кесілді
Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталды.
12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көп бейінді аурухананың 2 медициналық қызметкерлері ұсталды.
Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.
Тараз қ. прокуратурасы