САБЫРЛЫҚ АЛЛАНЫҢ СҮЙЕР ҚЫЛЫҒЫ

«Сабыр түбі — сары алтын» — деп, аталарымыз бекер айтпаған.
Өйткені, Алла тағала ашуға сабыр қылғандарға жүз есе, қайғыға сабыр қылғандарға — үш жүз есе, ал қазаға сабыр қылғандарға есепсіз сауап жазады.
Құран-Кәрімде былай делінген әңгіме бар:
Баяғыда Исрайылда бір әйел болыпты. Күйеуі, қызы, екі ұлы бар екен. Бір күні ойнап жүрген екі ұлы құдыққа құлап өліпті. Анасы өлген екі ұлының денесін үйне әкеліп, перделеп жауып қойыпты.
Жұмыстан шаршап келген жұбайына әйелі тамақ береді. Тамақ ішкенде, қызы мен ұлы үнемі дастархан үстінде бірге тамақ ішеді екен. «Баллар қайда» — деп сұраған күйеуіне «Алаң болмаңыз олар ұйықтап жатыр» — депті. Намаз оқуға бара жатқан күйеуі балаларын көрмек болғанда, әйелі — «Әуелі Алла жолында намаз оқыңыз, сосын көрерсіз» — деп, сабырлық танытты. Намаз оқып болған күйеуі балаларының дидарын бір көрмекке пердені ашса, екі баласы да ойнап отыр екен. Мұны көрген әйелі байғұс талып қалады. Есін жинағаннан кейін күйеуіне мән-жайды түсіндіреді. Сонда әйелінің қылығына риза болған күйеуі:
«Қазаға сабыр еткенің үшін Алла саған разы болып, өлген екі ұлымызды өзімізге қайтарып берді» — депті.
Адам баласы ауруын, садақа бергенін және қайғысын жасырғаны жақсы. Ондай жан Тәңірінің сүйікті құлы.