Садия мұсылман әйелдерді қорғады

Muslim kz: «Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмеронға мұсылман әйелдері туралы жаңсақ мәлімдеме жасағанын білдіру мақсатында 9 жастағы бастауыш сынып оқушысы Садия Рахмен мектепке шариғат шәлісін жамылып келген,— деп жазады.

Дэвид Кэмерон өткен жылы елдегі мұсылман әйелдердің дені ағылшын тілін білмейтінін, ағылшын қоғамына бейімделуге құлықсыздық танытатынын, тағы басқа дүниелерді сынға алған болатын. Премьер-министрдің бұл сөзімен келіспейтінін білдіру үшін Садия қолына қалам алып, мәлімдеме авторына хат жолдайды. Ол өзінің хатында:

«Ана тілі — урду тілінде сөйлесем де, бұл маған өзге салаларда қабілетімді көрсетуге кедергі келтірмейді»,— деп баяндаған. Қыздың әкесі Хазик Рахмен: «Оқу меңгерушісі бізден не болғанын сұрады, мен оған мұның оның жеке шаруасы екенін айтып жауап бердім. Ол: «бұл — менің шешімім, менің өмірім, олардың түк қатысы жоқ, қалай істегім келеді, солай істеймін»,— деп айтты. Мен оны мақтан тұтамын»,— дейді.

 

Ермек Сахариев