САҒАН ЕШКІМ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ЖАСАП БЕРУГЕ МІНДЕТТІ ЕМЕС…
Өмірді, әлемді және әлемдегі барлық нәрселер, тіпті махаббат та тектен текке берілмейтіндігі туралы 1966 жылы Гарри Браунның қызына жазған хаты бүгінде жастарға ой салу үшін мысал ретінде қолданылып келеді.
Менің қымбатты қызым!
Жаңа жыл жақындап келеді, мен саған қандай сыйлық алып беремін деп ойланып жүрмін. Мен саған кітап, ойыншықтар, немесе көйлек алсам қуанатыныңды білемін. Бірақ мен саған бірнеше жыл ғана емес, өміріңнің соңына дейін ұзақ уақыт сақталатын сыйлық бергім келеді. Ол сыйлығым әр жаңа жыл сайын мені есіңе түсіріп тұрса екен деп тілеймін.
Сондай сыйлықты таңдап, тауып та қойдым деп ойлаймын. Мен саған өзімнің көп жыл бойында түсінген, оны игеру арқылы өмірімді жеңілдеткен қарапайым ғана өмірдің шындығын ұсынғым келеді. Егер сен мұны қазір ертерек түсінсең, онда өз өміріңді жүздеген тәсілдермен байыта аласың және болашақ өміріңде кездесетін әртүрлі мәселелерден қорғана алатын боласың.
Бұл: «Саған ешкім, ештеңе де істеп беруге міндетті емес»,- деген өмір шындығы туралы болмақ. Демек, ешкім сен үшін, саған бола өмір сүрмейді деген сөз. Себебі, ешкімде-Сен емес. Әр адам өзі үшін өмір сүреді және өзінің бақыты үшін күреседі. Егер сен ешкім сенің бақытыңды жасап бере алмайтынын түсінсең, орындалмайтын арманды күтуден өзіңді азат етесің.
Демек, ешкімде сені сүюге міндетті емес. Егер біреу сені жақсы көретін болса, сенде ерекше бір нәрсе бар, сол арқылы ол адам бақытты әрі ғашық болады. Онда сен сол ерекше нәрсең туралы біліп, оны ұлғайтып, жақсартуға тырысуың керек. Сонда ол сені одан да жақсы көретін болады.
Егер адамдар сен үшін бірдеңе істеп жатса, онда олар өздері қалағандықтан істеп жатыр.Себебі, сенде қандайбір маңызды нәрсе бар, сондықтан олар оны саған ұнау үшін жасап жатыр деген сөз. Олар мұны міндетті болғандықтан істеп жатқан жоқ. Егер сенің достарың сенімен бірге болғысы келсе, олар мұны жауапкершілік сезімі тұрғысынан қалап жасап жатыр деп ойлап қалма.
Ешкім де саған құрметпен, ізетпен қарауға міндетті емес. Мүмкін, кей адамдар саған жақсы қатынасар, кейбіреулері жаман қатынасатын болар. Алайда, ешкімде саған жақсылық жасауға міндетті емес дегенді түсінген кезде, жаман істер жасайтын адамдардан аулақ болуды үйренесің.
Себебі сенде, ешкімге міндетті емессің. Тағы да айтайын, ешкімде саған міндетті емес. Сен ең алдымен өзіңе-өзің ең жақсы болуға міндеттісің.
Себебі сен жақсы позицияда болсаң, басқа адамдар сенімен бірге болғысы келеді және олар сенде бар нәрсенің орнына өзінікін беру жолымен айырбас жүріле бастайды. Ал егер біреу сенімен достықта болғысы келмесе, оның себебі саған байланысты емес. Ондай жағдайда оны тыныш қалдыр. Өзгелердің проблемалары үшін өзіңді кінәлама.
Басқа адамдар дүние мүлкі, сезімі, ақыл-ойын сенімен бөлісуге міндетті емес. Ешкімнің бір-біріне үстемдік етуге құқығы жоқ.
Өзім «Маған ешкім ештеңе істеп беруге тиіс емес, міндетті емес!»,- деп түсінген кезімде, арқамдағы ауыртпалық аунап түскендей болып еді.
Мен өзгелерді өзіме ұстағым келген кезімде, солай болуға тиіс деп ойлаған кездерімде, өзімнің денсаулығым, ақыл-ой, энергиямның көп бөлігін жоғалтқаныма шексіз өкінемін.
Шын мәнінде, мен үшін, маған бола ешкім жақсылық жасауға, әдемі көрінуге, өзін мәдениетті ұстауға, сыйласуға, мейірімді болуға, ақылды болуға міндетті емес дегенді түсіндім. Осыны түсіну арқылы, мен керісінше, барлық қатынастардан қанағат пен жағымды нәрселер тауып ала бастадым.
Мен өзіме қажетті нәрселерді істейтін адамдарға көбірек көңіл бөле бастадым және маған ешкімде міндетті емес деген ойым достарыммен, жақындарыммен, іскери серіктестеріммен, көрші дүкендегі сатушыларымен, тіпті бейтаныс адамдармен қарым-қатынасымды жақсарта бастағанын білдім. Егер мен бірдеңе алғым келсе, өзімді сол адамның орнына қойып, түсінісу арқылы қалағаныма қол жеткізе алатынымды есте ұстап, әрдайым осы жолды ұстаным етіп келемін.
Бұның бәрі менің ұзақ уақыт бойында тапқан ұғымым болғандықтан бір хатқа сыйдырып жеткізу қиын. Бұл хат сенің жасыңда түсініксіз болуы мүмкін. Егер сен бұл хатты әр жаңа жыл қарсаңында оқып тұрсаң, мағынасы саған жылдар өте келе біртіндеп айқындала түседі деп ойлаймын.
Аударма: