Саған қажет жеті ақыл:
1) Жаз, оқы, асықпай, тыныш, жайлы өмір сүр.
2) Елге мейірімді бол, бірақ ешкімді жан-дүниеңе кіргізбе, төсек туралы әңгіме айтпа.
3) Болмашыға бола шу шығарма, бос аттанға бейімделме.
4) Еркін өмір сүр. Өзгенің сезімін құрметте. «Үшінші біреудің» айтқаны бойынша адамды соттама. Өзіңе ұнамайтын адамға кінәрат тақпа.
5) Сүйікті ісіңмен айналыс.
6) Әдебиет пен өнерде бүгінгі дүрмекке ілеспе, сәнге таласпа.
7) Жиірек демалып тұр. Өміріңдегі күйбеңді жой. Бары осы.
К.Г. Паустовский