Сайлауалды уәделер орындалып жатыр
Астан ақаласының әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттық корпустың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Астана қаласы Мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-«Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау бойынша белсенді диалог, пайдалы идеялар мен ұсыныстар айтылды. Қала билігінің араласуын талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді атап өттім. Әлеуметтік нысандарға, мектептер мен ауруханаларға кірме жолдарды салу, туризмді дамытуға жауапты ведомстволық бағынысты ұйым құру қажеттігін атап өттім. Өйткені Астана осы саланың орталығына айналуы тиіс. Осы саланы дамытудың кешенді жоспарын құру және қабылдау қажеттілігі туралы айғақтадым.
Тағы бір маңызды проблемалық мәселе- қысқы кезеңде барлық күш пен техника қала аумағын тазалауға жұмсалған кезде, саябақтар мен скверлерді тазалауға және қоқыстарды шығару бойынша регламентті қайта қарау қажет. Қала әкімі әрбір айтылған мәселелермен келісіп, аумақтарды жинау коммуналдық меншікке өтетінін, сондай-ақ Астанада туристік саланы дамытуға жауапты өкілетті орган құрылатынын атап өтті»,- деп жазды Мәслихат төрағасы.
Естеріңізде болса осыған дейін өткен жиналыстарда депутаттар қаладғы кейбір мектептердің құрылстарының тым кешеуілдеп жатқандығын, Байқоңыр ауданында мемлекеттік балабақш асалу қажеттігі мен кейбір обьектілердің айналасының жедел жәржеп көліктері мен өрт сөндірушілердің кіріп-шығуына өте қолайсыз екендігін айтып мәселе көтерген болатын. Негізі бас қаланың әрбір көшесі мен орамдары, онда қордаланған мәселелер депутарра назарында тұр. Олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында халыққа уәде еткен жұмыстарын бір сәт назардан тыс қалтырған емес.
Мәслихат төрағасы соынмен қоса өзінің парақшасында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының басым бағыттарының орындалуы талқыланғандығын да атап өтті.
-«Мектептер, ауруханалар, әлеуметтік тұрғын үйлер, жолдар, сондай-ақ энергетика саласының обьектілері құрлысының барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жалпы осы жылға арналған бағдарламалық құжаттың көптеген тармақтары орындау кестесі бойынша жүзеге асуда.
Жобаның қымбаттауына байланысты кейбір бағыттардың орындалмауы, сондай-ақ бірқатар сараптамалардан ұзақ өтудің және басқа да себептердің бірқатар тәуекелдерін атап өттік. Орындау бойынша барлық мәселелер мәслихат депутаттарының бақылауында болады, олар Жол картасын іске асыру пункттерінің әрқайсысына бекітілген»,- деп жазды.
Астан қаласы бойынша Мәслихаттың төрағасы өз парақшасында.
Бас қаланың дамуы мен гүлденіп-көркеюі жолында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ерлан Каналимов қаланың әлеуметтік дамуы сынды кезеккүттірмейтін тақырыптардан өзге туристік әлеуетін арттыру туралы да жақсы бастамалар көтеріп отыр. Сөз орайы келгенде мына жаңалқты да айта кеткен жөн. 2023 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) саяхат пен туризмді дамыту индексіне қатысқан 119 мемлекеттің ішінде Қазақстан 52-ші орынға табан тірепті. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда алға озғандығын айғақтайтын көрсеткіш еді. Мұнда бәсекеге қабілеттілік, туризмнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші, денсаулық сақтау және гигиена, табиғи және мәдени ресурстары, адами капитал мен еңбек нарығы, туристік инфрақұрылым мен сервис секілді тармақтар ескерілген. Ал осының ішінде Астананың үлесі басым екендігі белгілі. Қазір шетелдік және отандық туристердің таңдау жасайтын орындарының ішінде Астана ең алдында тұр.
Таратылған ақпараттарға жүгінсек фракция өзінің сайлауалды бағдарламасында халыққа уәде еткен әрі Астана қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының 2024 жылы орындауға тиісті Жол картасында қарастырылған 126 тармақтың қазірге дейін 116-сын ойдағыдай аяқтаған екен.
Дайындаған: Ерқазы Сейтқали