САЙЛАУАЛДЫ УӘДЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЮДЕ – ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының сайлау алдында берген ауқымды уәделерін аймақта, қала мен аудандарда орындалуына жүйелі бақылау жолға қойылған. Мәселен, былтыр партия жанынан құрылған 108 аумақтық қоғамдық кеңестердің 482 отырысында 594 мәселе қаралды. Партияның барлық деңгейдегі фракцияларының 80 отырысы өтті. Бүгінде партия филиалдарындағы Қоғамдық кеңестер халықтың өзекті мәселелерін талқылайтын тиімді алаңға айналды.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында филиалдың атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов айтты. Оның мәліметінше, қазіргі уақытта партия жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы жаңа сипатта жүргізіледі. Бұған дейін облыстық деңгейде 12, Тараз қаласы мен аудандарда 9 кеңестен жұмыс атқарып келді. Кеңестердің көптігі күн тәртібіндегі мәселелерді терең талдауға, берілген ұсынымдардың сапалы орындалуын бақылауға кері әсерін тигізді. Сондықтан кеңестердің саны аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге, аумақтық деңгейде 9-дан 5-ке дейін қысқарды.
©️©️©️
«Сайлауалды уәделердің орындалуына қоғамдық бақылау күшеюде. Өңірлік Жол карталарындағы барлық көрсеткіштерге жауапты депутаттар айқындалды. Одан бөлек, Жол картасының бөлімдері Бюроға, ал индикаторлары Саяси кеңестің мүшелеріне бекітілді. Сонымен бірге, барлық деңгейдегі депутаттарға округтер бекітіліп берілді. Яғни, депутаттар өздеріне бекітілген округ халқымен тығыз байланыста жұмыс жасап, аумақтағы проблемалық мәселелердің оң шешілуіне атсалысулары керек. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауысты. Наурыз айынан бастап облыстық филиалдың ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының шалғай елді мекендерінде көшпелі мобильді қоғамдық қабылдаулар өтті. Қабылдау барысында 300-ден астам тұрғынның өтініш-тілектері тыңдалып, партиялық бақылауға алынды», — деді Дауыл Ынтықбайұлы.
⁉️Брифингте белгілі болғандай, мұндай көшпелі қабылдаулар өңірдің барлық аудандарында өтеді екен. Бұл жұмыстар барлық шалғайдағы ауылдарды қамти отырып, жергілікті жерлерде жалғасады.