Сайлаудан сырт қалуға болмайды
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау бойынша құрылған облыстық қоғамдық штаб мүшелері Бекет Момынқұл мен Людмила Мельник аудандық «Жуалы газ» мекемесінің ұжымымен кездесті.
Шараға сонымен қатар аудандық штаб мүшелері де қатысты.
Кездесу барысында алғы сөз алған Бекет Момынқұл Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырды.
-Қараша айында еліміз үлкен бір саяси науқанды бастан өткермек. Сайлау — бүтін мемлекетіміз үшін шешуші әрі маңызды науқан. Бұл науқанда халықтың саяси белсенділігі жоғары деңгейде болса екен деген ниет бар. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне тікелей байланысты. Сондықтан әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысуы қажет. Сайлау менсіз де өтеді деген оймен сырт қалуға болмайды, — деді.
Сондай-ақ ол мемлекеттік маңызы бар шаруалар айқындалып жатқан сәтте көгілдір отын тарату мекемесінің ұжымын бір кісідей сайлауға қатысуға шақырды.
Ал аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қазақстанның көркейе түсуіне әлі де қызмет ететін тұлға болса, ол әрине Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екенін тілге тиек етті.
«Ол, шын мәнінде, елі үшін еңбек ететін ер мінезді тұлға, лайықты кандидат. Оған қоса елде, халықаралық деңгейде құрметі мен абыройы бар азаматтың қазақ мүддесі үшін адал қызмет жасайтындығына сенім мол»,- деді штаб мүшелері.
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз қызметі