САЙРАМ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

✔️Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, газбен қамту жұмысы қарқынды. Бұл ретте Сайрам ауданында да жүйелі іс атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 42 елді мекеннің 37-сі табиғи газбен қамтылған. Ақарыс және Оймауыт елді мекендерінің табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бұл елді мекендер Құтарыс пен Қызалжар елді мекендерінің құбырына тәуелді болуына байланысты құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады. Өткен жылы аудандағы елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, Көлкент, Құтарыс және Қызылжар елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
✔️Аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда аудан бойынша газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Айта кетейік, барлық елді мекендерге газ тарататын 3 дана газ таратушы станция бар. Нақтырақ айтсақ, Ақбұлақ ауылында орналасқан «Самсоновка», Жібек жолы ауылында орналасқан «Свердлов», Нұржанқорған ауылында орналасқан №20 «Жаңақоғам» газ тарату станциялары бар.
📌Сонымен қатар ауыз сумен қамтуда да ілкімді іс бар. Елді мекендерге тұрақты ауыз су беру үшін өткен жылы Сайрам ауданындағы 14 нысанға аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда нысандардың құрылысы аяқталған. Облыстық бюджет есебінен Жібек жолы ауылының ауыз су құрылысы аяқталса, 2 нысан құрылысы биылға өтпелі. Жібек жолы ауылындағы су құбыры желісін күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.
📌Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су тұрақты берілуде. Сондай-ақ Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл Арыс ауылдық округіне қарасты Нұржанқорған және Қожақорған ауылдарында ауыз су құбырларын салу жұмыстары аяқталмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі