САЙРАМДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Сайрам ауданында әскери міндеттілердің әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Құспеков, облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы С. Бүрлібаев, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Төлешов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы
К. Үштаев, облыс әкімінің әскери қауіпсіздік бойынша көмекшісі А. Әлімқұлов және облыстық мәслихаттың депутаты Б.Айтулов және аудан әкімінің орынбасары М. Әліпов қатысты.
Шараға қатысушылар батыр бабаларымыздың бізге аманат етіп қалдырған ұлан-байтақ жерімізді жауға бастырмай, көздің қарашығындай қорғап жүрген жауынгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, әскери жиынға қатысушыларға алғыстарын айтты.
Жиын аясында әскери міндеттілердің ұрыс алаңындағы қойылымы көрсетілді.
Одан бөлек, оқу-жаттығу барысында объектілерді, коммуникацияларды күзету және халықты қорғау секілді маңызды міндеттер мен тиісті тапсырмаларды ойдағыдай орындаған жауынгерлер Алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, 24 маусым мен 3 шілде аралығында Сайрам ауданының 120 азаматы Түркістан облыстық аумақтық қорғаныс бригадасымен бірлесе арнайы-тактикалық оқу-жаттығуын өткізген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі