САЙРАМДА КӨШПЕЛІ КИНО КӨРСЕТІЛІМ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Сайрам ауданында көшпелі кино көрсетілім жобасына баса мән берілуде. Бүгінде аудан басшысы А.Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес ауданға қарасты елді мекендерде арнайы тақырыптық кино қою рәсімі ұйымдастырылуда.
Аталған жоба аясында 15 отандық кино іріктеліп алынған. Олардың негізгі бағыттары жастарды патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке баулу, тарихи танымдық, қазақтың біртуар азаматтарының ұлағатты ғұмырымен таныстыру мақсатында жүргізілмек.
Айта кетейік, елді мекендерді қамтитын кино көрсетіліміне келушілердің дені жастар. Бұл жоба алдағы уақытта ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі