САЙРАМДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сайрам ауданында тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Осы орайда, аудан елдімекендеріне қажетті жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға жауапты «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі жұмыскерлері жол белгілерін оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп маңына және көлік көп жүретін көшелерге орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар «Жаяу жүргінші өткелі», «Назар аударыңыз, балалар», «Жылдамдықты шектеу» атауларымен қолға алынған. Сондай-ақ, жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды кедергі қойылып, «зебра» көлденең сызбасы сызылуда.
Жалпы 11 ауылдық округінде аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 140 км және ішкі жолдар 951 км бойына жол белгілері қойылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылады. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі