Сәкен мұражайы – Астанадағы қазақ руханиятының қарашаңырағы

Отанымыздың бас қаласы – Астанада «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешені, «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы, «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешені, Сәкен Сейфуллин мемлекеттік мұражайы кіретін Астана қаласының біріккен мұражайлар дирекциясы жұмыс істейді. Осы мұражайлардың ішінде Сәкен Сейфуллин мұражайы – Ақмола облысы көлеміндегі жеке тұлғаға арналған жалғыз мұражай.
Біз қазақтың бір туар ұлы, «Сегіз қырлы, бір сырлы» Сәкен Сейфуллин туралы және Сәкен мұрасын көзінің қарашы-ғындай сақтап, жинақтап, жан-жақты насихаттап отырған мұражай туралы білу үшін С.Сейфуллин мұражайының алғашқы директоры, ҚазССР оқу-ағарту ісінің озаты, еңбек ардагері Роза Иманғалиқызы Асылбекова және Тарихи-мәдени мұра және экскурсиялық ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қарлығаш Бекқалиқызы Жумахановамен сұқбаттасқан едік.
– Роза Иманғалиқызы, биыл 35 жыл толып отырған мұражайдың тарихын айтып берсеңіз…
– Шын мәнінде, атағы аңызға айналған қазақ халқының ардақты да аяулы ұлы Сәкен Сейфуллин мұражайы Алматыда ашылуы керек еді. Мұражай ашу мәселесі 1958 жылы Сәкен ақталғаннан кейін талай мәрте көтерілгенімен, рұқсат берілмеді. Жары Гүлбаһрам апай да көзі тірісінде өз үйінің екі бөлмесіне Сәкенге қатысты жәдігерлерді жинақтап, Алматыда мұражай ашсам деген арманымен басшылыққа қаншама рет ұсыныс айтса да үміті ақталмады. Мұражай тек 1988 жылы 20 ақпанда Целиноград (Ақмола, қазіргі Астана) қаласында ашылды. Негізінен 1980 жылдардан кейінгі «жылымықтың» арқасында Сәкен мұражайын ашу туралы жиірек айтылып, халық өзінің ақтаңдақ тарихын түгендей бастады. 1985 жылы ақсақалдардың қолдауымен, халықтың сұрауымен Ақмола облыстық ескерткіштерді қорғау қоғамы төрағасының орынбасары Молдахмет Досаев ағамыздың облыс басшыларына жазған хатының арқасында Сәкен мұражайын ашу мәселесі шешімін тапты. Мен ол кезде қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болатынмын.
Сұқбаттасқан — Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
Жалғасы оқу үшін сілтемеге өтіңіз: