Сақтықта қорлық жоқ
Ақпан айы басталғаны қатты аяздың беті қайтып, ауа райының жылынуы мен нөсерлете жауған жауынның салдарынан қыр, сай-салалардағы, көше бойындағы қарлар, қатқақтап қалған мұздақтар да еруде.
Түркістан ауылдық округі мен қала ішінде еріген қардан арықтар толып, көшелерге кіруде. Бүгін күні бойы тазалау жұмыстарының басы-қасында болдық.
Ауа райын алдын ала бақылап,тиісті сала мамандары, ауыл әкімдері, төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері арықтарды тазалау, судың бағытын арнаға қарай бұру жұмыстарымен бір аптадан бері айналысуда.
Ауылдағы жеке шаруашылықтардың «ЕвроХим» ЖШС-нің және коммуналдық салаға жауапты мекемелердің, төтенше жағдай бөлімінің техникалары жұмылдырылып, су басу қауіпінің алдын алды.
Бүгінгі штаб отырысында орынбасарлар мен қала, ауыл әкімдеріне, аппарат пен инспекторларға нақты тапсырмалар бердім.
Ертең ауылдық округтердегі су қоймаларын аралап, Түркістан ауылдық округіндегі жағдайды тағы да бақылап келемін.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі