САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қай мемлекет болмасын оның экономикалық әлеуеті мемлекеттік кірістермен, салық жүйесімен тығыз байланысты екені белгілі. Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғамдық тынысы ел қазынасы арқылы өсіп-өркендейді. Осы орайда, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан қазынасының ұлғаюына салық қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор екенін айта кету керек.
Осыны ескере отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күніне орай сала мамандарымен арнайы кездесіп, жыл бойы еткен еңбектеріне алғыс білдірдік. Шу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында еңбек ететін бірқатар сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хатты табыс еттік.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елде қабылданған заң нормаларын мүлтіксіз орындау, елдің мүддесін қорғауда атқарып жатқан жұмыстарыңызға тек жаңа серпін мен сәттілік тілейміз.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі