САЛАДА 13,3 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Биылғы жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері салада 13,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында – 196,1 млн. теңгенің, мал шаруашылығында – 13,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,0% құрады. Салаға 411,3 млн. теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 170,0 млн. теңге инвестиция салынды. Сонымен қатар, 8,9 мың тонна ет, 17,6 мың тонна сүт, 8,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы