🔰«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Таласқа келеді
2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
Жоба Талас ауданына 20-21 қараша күндері Тамды ауылына келеді.
Тамды ауылында қабылдау уақыттары: сағат 9:00 және 13:00 аралығы.
Түскі үзіліс
14:00 және 18:00 аралығында қабылдайды.
Пойызда 22 дәрігер бар: 15 дәрігер және 7 медбике. Дәрігерлерден: жалпы терапевт (педиатр), лор дәрігері, окулист, невропатолог, уролог, хирург, тіс дәрігері ( тек қана тістерді алып тастайды), гинеколог, рентген ( тек өкпе түсіреді), жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, жалпы ультрадыбыстық зерттеу, зертхана (30 минут ішінде дайын болатын қан мен зәр анализі, зәр талдамаларына арналған құтыны пойыз мамандары өздері береді , ол үшін тек қана станциядағы дәретханаға барған жеткілікті). Балалар Ата-анасының сүйемелдеуімен келіп, туу туралы куәлікті және басқа науқастар жеке куәлікті өздерімен бірге алып жүруі керек).
Сондай-ақ, медиатор және заңгер өз қызметтерін көрсетеді.
МӘМС болмаса да, станцияның және басқа аймақтардың тұрғындарын қабылдайды , шектеу жоқ.