«САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК РЕТІНДЕ 20 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗДІ
«Осындай қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеймін. Сондықтан «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында осы көмекті жеткізуді жөн көрдік. Мақтаарал халқына Алла сабыр мен төзімділік берсін! Бұл қиындықты да қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында еңсеретініне сенімдімін. Бүгінгі көмекке өз үлестерін қосқан барша қайырымды жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз», — деді Қайрат Құдайберген.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорынан келген 20 тонна жүк түгелімен Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға түсірілді. Қордың Мақтаарал ауданына деген көмегі мұнымен шектеліп қалған жоқ. Қайрат Құдайберген қор атынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 200 млн теңге аударылғанын да қуана жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі