САЛТ- ДӘСТҮР СӨЙЛЕЙДІ

Ассалаумағалейкум игі жақсылар!
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алла тағаланың атымен бастаймын!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ата-ананың ашуы — Алланың ашуы, ата-ананың ризалығы — Алланың ризалығы», «Ата-анасын тыңдамаған адамға қияметте Алла оған қарамайды», — деген.
«Ата-ананың қадірін білмеген бала – халықтың қадірін білмес» деп айтамыз.
Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ.
Қазақ халқының салт — дәстүрі ата — бабамыздың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез — құлықтың үлгілері.
Салт-дәстүріміз қазақ ұлты үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік Ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған.
Бұл талаптар мен Ережелерді бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдар ата — анасын сыйламағанмен бірдей.

Ақтөбе облысының бас биі Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ.