Салт-дәстүрімізді қадірлеп, ұмытпайық!

Бүгінгі кезеңде  салт-дәстүрімізді бағалап, оны қажет жерінде орнымен  қолдану, құрметтеу басты  мәселе болып  тұр. Салт-дәстүрлердің өзі мән-мағынасына байланысты бірнеше тақырыптарға бөлінеді екен.

  1. Сыйлықтарды ұсынумен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

  Сүйінші — үйге қуанышты хабар әкелген жолаушыға алғыс ретінде үй иелерінен бағалы сыйлық алатын әдет. «Ат мінгізіп шапан жабу» —  дәстүрі бойынша құрметті қонақ, ол ақын, батыр немесе ауылға келген өте құрметті адам болуы мүмкін. Бес жақсы — бір мезгілде бес бағалы заттан тұратын сыйлық. Оған қара нар, жүйрік ат, қымбат кілем, алмас қылыш, сондай-ақ бұлғын ішік кіреді. Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы.

  1. Өзара көмекке байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

Асар — ежелгі заманан бүгінге дейін сақталған дәстүрлерің бірі осы – асар. Оның негізгі мақсаты көмек көрсету. Отбасында үй-жай, қора-қопсы салып жатқан адам немесе егін науқанында жалғыз шамасы келмей жұмысы өнбей жатқанда көрші-көлең, ағайын-туыс, дос-жарандар келіп еш қайтарымсыз көмек көрсетеді. Жылу жинау  – мұнда бүтін бір отбасы қайғылы жағдайға ұшырап үй-жайынан, мал-жанынан айырылғанда (өрт немесе зілзала, су және т.б апаттар), ауыл болып жиналып қолдарынан келген көмекті беруге тырысады. Бел көтерер — кәрі адамға мол күш беретін нәрлі ас, көңіл жақын жандар арнайы дайындап, қарияларға алып келеді. Үлкендерді сыйлау, оларға күтім жасау керектігін көрсететін бұл дәстүрдің жастарға берері мол.

  1. Қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрлер

Қонақасы  – қонақты сыйлап ішіп-жегізумен байланысты әдет. Қазақ халқы ең дәмдісін  әрқашан қонақтар үшін сақтаған. Қонақкәде  – көңілді отырудың, үй иесінің, сонымен бірге қонақтың риясыз көңілін білдіретін белгі. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. Ерулік  – дәстүрлі халықтық жоралғы. Жаңадан көшіп келген отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді.

  1.   Баланың туылуымен және тәрбиесімен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

Шілдехана, бесікке салу, ат қою, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу секілді мән-мағынасы бар дәстүрлер қазақта жетерлік.

  1. Некеге құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

   Қазақ қоғамындағы кез келген үйлену тойы құда түсу, үкі тағу, өлі-тірі, киіт кигізу, құйрық-бауыр асату, қыз ұзату, беташар сияқты салт-дәстүрлер де бар.

Міне біздің халқымыз қандай дана, ақылды болған десеңізші!  Осындай тәрбиелік мәні зор  әдет-ғұрып пен дәстүрлерді  ұмытпай,  өмірде қолданып жүруді  кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен. Әрбір  отбасында ата-аналар, мектепте ұстаздар,  жас ұрпаққа насихаттап, түсіндіріп айтып отырса, нұр үстіне нұр  болар еді.

Шаргүл Қасымханқызы