САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗДІҢ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ—ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ

«Анаға тағзым» орталығы мен Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханасы бірлесіп, халқымыздың рухани байлығын игеру, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Салт-дәстүріміздің қыз тәрбиесіндегі рөлі – дәстүрді дәріптеу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
«Мирас» ата-дәстүр экспозициялық залында өткен шараға №35 орта мектеп оқушылары қатысты. Онда салт – дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы ақпарат беріліп, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін «Қыз айттыру» және «Сырға салу» салтынан көрініс көрсетілді. Көріністе қазақтың құда түсу салты кеңінен дәріптеліп, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғылар жаңғыртылды.
Сондай-ақ, «Ата салтым — асыл мұрам» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, ондағы кітаптарға кітапханашылар библиографиялық шолу жасап өтті. Кеш соңы ән мен жырға ұласты.

Анаға Тағзым Орталығы