САМАЛ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы форум өткізді.  Астанадағы Тәуелсіздік сарайына республикамыздың сан облысынан студент-жастар жиналды. «Жастар синергиясы – бірлік энергиясы» деп аталатын форумның мақсаты – жастардың инновациялық идеялары мен әлеуметтік жобаларын көпке таныстырып, ең үздіктерін анықтау болатын.

Атырау облысынан қатысқан жастар арасынан Айбек Идаятов пен Самал Мұхтарова «Үкілі үміт» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. «Бізбен бірге үйренейік»  деп аталатын Самалдың жобасы заманауы технология негіздерін зағип жандарға аудио арқылы оқытып, үйретуге арналған бағдарлама. Ал «Білім ал» жобасымен барған Айнұр Есенғалиева әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар үшін мамандыққа үйрететін тегін курстар ашуды армандайды.

Бұл айтып отырған жоба иелерінің бәрі де студенттер. Жеңімпаздарға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Исламбек Салжанов Дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

                                                                                                                        С. Сұлтансиық