Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру
Сіз қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.
Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады:
- Порталда Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жіберілетін диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес).
Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.. Порталда — көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында 001-3/е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Сарысу аудандық
ХҚК бөлім басшысы
К.Аманкулов