Санитарлық тәртіп бұзған ақтөбеліктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысының аумағында «Ashyq» жобасы 14-сәуірден бастап жұмыс істеуде. Бүгінде өңірдің 3393кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 3393-не QR-кодтары жүктелген, оның ішінде «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар – 37 және соңғы апталарда QR-код (чекиндер) бойынша келушілерді тіркеудің төмен немесе нөлдік санын бақылау себебінен 25 объект жобадан шығарылды.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, бағдарлама енгізілгеннен бастап, өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын «сары» статусы бар 177 адам және «қызыл» статусы бар 148 адам анықталған. 99 «сары» статусы бар тұлғаға қатысты Ақтөбе қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шығарылды.

«Қызыл» статусы бар 31 жеке тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425 бабы 1 тармағымен әкімшілік шара қолданылып 1 400 160 теңгеге айыппұл салынды.