САҚТЫҚ
Әбу Ханифа харамға барынша сақ еді. Егер бір нәрседен шүбәланса, қолындағы бар дүниесін дереу садақаға таратып жіберетін.
Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға заттарын беріп, сатуға жібереді. Заттарының арасында бір киімде ақау бар екенін ескертіп, осы киімді сатқанда, кемістігін айтуын тапсырады.
Серіктесі киімдерді сатуын сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені ұмытып кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмайды. Әбу Ханифа мұны естігенде, сол заттардан түскен қаржының барлығын тағы да садақаға арнады.
Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы