Сарайшықты сақтай алмасақ, ұлтқа сын!

Тарихи жәдігерлерге салғырт қарайтын елміз ғой, «түймедейін түйедей ететін» жұрттардан үйренеріміз көп-ақ. Қарап тұрсаңыз, қазақ даласында қаншама асыл дүниелер көміліп жатыр. Кейбірі тіпті жоғалып, құруға айналды. Соның бірі әрі бірегейі — Сарайшық қаласы. Жайық өзенінің оң жақ жағалауында, Атырау қаласынан 55 шақырым жерде жатқан көне қала бір кездері әлемге үлгі болған шаһар деп кім айта алады? Сарайшық қалашығы — 100 га көлемді алып жатқан үлкен алқап. XIII-XVI ғғ. жататын теңдессіз тарихи мекен.

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан Шығыс пен Батыстың ортағасырлық өркениетті орталықтармен сауда-экономикалық және мәдени байланысы туралы ақпарат беретін және Алтын Орда дәуірінің қалалық мәдениетінің бай материалдары табылды. «Хан» қоғамдық құрлысының архитектуралық o7fmwmtc9tyh2xkwq7e9yu3hwv5sciорналасуының кезеңдеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді. Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды.

Астана қаласында алғаш рет Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысы әкімдігінің бастамасы бойынша алыс және шетелдің 40-тан аса отандық және шетел ғалымдары ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша алдағы шаралар мен ғылыми зерттеулер қорытындысын талқылау үшін жиналды. Оқиғаның маңыздылығы жөнінде халықаралық конференцияның пленарлық отырысы жұмысына қатысқан Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атап өтті.

Қазақстанда «Сарайшық: ұлы қала тарихы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу бастамасын жақында Атырау қаласында өткен жиын қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Атырау облысының әкімдігімен бірлесе көтерді. Конференция ұйымдастырушылары Сарайшық қалашығының ары қарайғы тағдырына, сондай-ақ, қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аудартуға ниетті. Ғылыми конференцияны ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Сарайшық қаласының өз заманындағы Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды сауда және мәдени орталық болғандығын атап өтті. Сарайшық туралы мәліметтер ортағасырлық араб, парсы, батыс деректерінен кездеседі. Сарайшықта Алтын Орда және қазақ хандары пантеонының болуы, белгілі тұлғалар мен мұсылман діні қайраткерлерінің жерленуі бұл қаланың маңызын одан әрі арттыра түседі.

«Дегенмен, бүгінгі таңда тарихи қаламызға қатысты проблемалар да жетіп артылады. Сарайшық қалашығына табиғи-климаттық мен антропогендік факторлардың әсері күшті болып отыр. Осыған орай, қалашықты сақтау және қалпына келтіру мәселелері өзекті. Бұл проблемаларға біз білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аудартуымыз керек. Сөйтіп, ұтымды бірлескен шешімдер қабылдағанымыз жөн» деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, ол Мәдениет және спорт министрлігі 2015 жылы «Сарайшық» қалашығының археологиялық ескерткіштерін реставрациялау және консервациялау жұмыстарының жобалау-сметалық жұмыстарын әзірлеп, 2017 жылы қалашықты консервациялау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғандығын айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. Конференцияда ғалымдар Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын аяқтап, археологиялық қазба жұмыстарын жалғастырғаннан кейін қалашықта консервациялау жұмыстарына барлық ресурстарды жұмылдыру керектігіне тоқталды. Отандық ғалымдардың пікірінше, Сарайшық қалашығы еліміздің туристік тартымдылығын арттырады. Ол үшін көне мұраны ашық аспан астындағы музейге айналдырып, өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға күш салған жөн.

%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b9%d1%88%d1%8b%d0%ba

Сондай-ақ, облыстық «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығының жұмысын жетілдіру қажет. Ғылыми конференцияға ҚР Парламентінің депутаты Сәрсенбай Енсегенов, Санкт-Петербург заңнамалық жиынының депутаты Алексей Ковалев, жетекші ресейлік ғалымдар — Эмма Зиливинская (Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институты, Ресей), Николай Боковенко (РҒА ММТИ), жетекші қазақстандық ғалымдар, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар Зейнолла Самашев, Даниял Қыдырниязов, Карл Байпақов, Болат Көмеков, Жәкен Таймағамбетов, Ғарифолла Есім, Берекет Кәрібаев, Мұхамбетқали Кипиев тәрізді қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысты. Сонымен қатар, конференция аясында Сарайшық қалашығы тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ежелгі қалаға қатысты көптеген құнды археологиялық бұйымдар, картиналар және т.б. заттар қойылды.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК