Сәресі ішу – парыз емес.
Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн.
⠀
Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», — делінген.
⠀
⏳ Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекелі уақыт.
⠀
Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі.
⠀
✅ Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті.
⠀
Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып тәһәжжуд намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.