САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі жалғасып келеді.
✔️Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, аудан тұрғындары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда.
✔️Бүгін «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Сарыағаш қаласы аумағындағы саябақтарға, балалар ойын алаңшаларына, әлеуметтік нысандар мен ескерткіштер маңына және гүлзарларға тазалық жұмыстары жүргізілді. Бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер орылды. Бұл жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданады. Жұмыс алгоритмі бойынша операторларға түскен өтінімдер санаттарына сай әкімдік қызметкерлеріне жолданады. Орындаушы атқарылған жұмыстарды фотоға таспалап, платформаға жүктейді. Өтініш иесіне жауап сол мезетте telegram-бот арқылы түседі. Осылайша, тұрғындармен кері байланыс орнатылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі