САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»​ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ…

Бастағанда да енді шаңырақ көтергелі отырған жас отау иелерімен кездесіп,​ әңгімелесуден бастады.​ Бұл жай сәйкестік емес сәттілік деп қабылдаймыз.
Жобаға қатысуға тілек білдірген төрт жұп отау құру туралы шешімге қалай келгендігі,​ оның арғы жағындағы «үйлену оңай, үй болу қиын»​ мәселелері туралы ой өрбітіп,​ «Қара шаңырақтың»​ негізін салушы,​ ұлт болашағына бейжай қарай алмайтын,​ өмірде Асыл Әже,​ Ардақты Ана,​ Аяулы Жар болып жүрген,​ өмір тәжірибесі мол,​ айтары бар #Қарлығаш Бекпатшақызы,​ #Тұрар Сәттарқызы,​ #Баян Ахатаева әпке-жеңгелерінен кеңес алды.
Әңгіме жанға жайлы,​ өзара үйлесімді,​ жарасымды атмосферада өрбіді.
Кездесу соңында жас жұбайлар «Қара шаңырақтың»​ тілектер журналында өмірлерінің соңына дейін бірге болуға уағдаласып (ресми сипаты жоқ,​ бірақ жүктер жауапкершілігі мол),​ жобаға алғыс-тілектерін білдірді.
Жобаның негізгі мақсат ұлттық құндылықтарымыздың негізінде отбасылық құндылықтарды қалпына келтіре отырып, Халықаралық балаларды қорғау Конвенциясына сай ұлт болашағы-балалардың толық отбасында тәрбиелену құқығын қорғау, ұл-қыздарымыздың қазақы, саналы, сапалы адам капиталы ретінде қалыптасуына жан-жақты күш салу.
 Бұл бүгінгі бірінші қадам,​ алдағы уақытта әр сәрсенбі сағат 11.00-12.00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы,​ Сарыарқа әкімдігінде «Отбасылық кеңес»​ ақысыз шарасы өтіп отырғандығын қуана хабарлаймыз!
Қосымша ақпаратты төмендегі нөмірлерге хабарласып ала аласыздар:
87074254770- Баян Орынбасарқызы,​
8701288 49 60 Тұрар Саттарқызы.
«Қара шаңырақ»​ жобасының жүзеге асуына қолдау білдіріп отырған Нұр-Сұлтан қаласы,​ Сарыарқа аудандық Әкімі Егемберді Ерғали Қуандықұлына,​ АХАТ (ЗАГС) бөлімі басшысы Бақытгүл Тәуекелқызы Шәйкенқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.