«Сарыарқаның  көшпелі  мәдениеті» облыстық  фестивалі.

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында

2021 жылдың 15 маусым күні Ақсу-Аюлы ауылының Қаштай сайында облыстық «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі алғашқы рет өткізілді. Аталған іс шараның мақсаты: Қазақ  халқының  ұлттық салт- дәстүрі мен  қолөнерін,  рухани құндылықтарын сақтау, шығармашылығын дамыту.

 

 

Бұл шараға аудан бойынша халық арасынан шыққан  дарынды, талантты өнерпаздарымыз, қолөнер шеберлері және  споршыларымыз  қатысты. Атап айтқанда:

  • Қолөнер шеберлері -15 адам
  • Дәстүрлі әншілер-6 адам
  • Ақындар-4 адам
  • Күйшілер-5 адам
  • Жыршы-1 адам
  • Тоғызқұмалақ, бес тас ойындары-4 адам
  • Қазақша күрес-4 адам
  • Бүркітші -1 адам
  • Тазы жүгірту -1 адам (10 тазы)
  • Фольклор ансамбльі 8 адам
  • Ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету (бесікке салу, тұсау кесу)-6 адам

 

 

Қаштай сайында 3 киіз үй тігілді. Киіз үйлердің іші көне бұйымдармен безендендірілді.  Облыс қонақтарын жас ақын «Арнау» жырмен қарсы алып, ауданымызбен жыр шумақтарымен таныстырды. Жыршы, әншілер, күйшілер сахана өз өнерлерін көрсетті. Бесікке салу, тұсау кесер рәсімдері көрсетілді. Сонымен қатар апамыз жүн түтіп, тоқыма тоқып, әжелеріміз сырмақ тігіп жас ұрпаққа қол өнерімізді паш етті. Сонымен қатар қазіргі таңда ауданымызда кеңінен таралып кеткен тазылардың да өнерін көрсетті. Спортшылар күрес, арқан тарту ойындарын қыздыра түсті. Мерекелік іс шарада ауданы әкімінің орынбасары қатысушыларды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

 

                                                                                       Жомарт Шаймұрат