Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Мұсабеков Шаттық Бапашұлы сайланды

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
Бүгін ауданда сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы үзілістен кейін өз жұмысын жалғастырды.
2023 жылы 30 наурызда шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында депутаттар аудандық мәслихат төрағасын сайлауды жасырын дауыс беру арқылы сайлау тәсілін таңдаған болатын.
Аудандық мәслихаттың төрағасын жасырын дауыс беру арқылы сайлауға аудандық мәслихаттың 12 депутаты қатысты.
Депутаттардың жасырын дауыс беру арқылы өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы болып №8 сайлау округі бойынша сайланған Мұсабеков Шаттық Бапашұлы сайланды.
Халық қалаулылары сессия барысында мәслихаттағы үш тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін бекітті.
Сонымен, сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихаттың депутаттары ресми түрде жұмыстарын бастады.