САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ

САРЫСУ АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ
Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша.
Бүгін аудан орталығы Жаңатас қаласында «Қош келдің, Жаңа жыл – бақытты менің еліме!» атты аудан әкімінің шыршасы өтті.
Жаңа жылдық шараға аудан әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы және мекеме басшылары қатысып, мерекелік кештің құрметті қонақтары болды.
Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына ауданның барлық мектептерінен 200-ден аса бала қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
— Біз келе жатқан Жаңа Жылдан жақсылық пен жаңа жаңалықтар күтеміз. Жаңа ықыласпен, игі тілектерімен жаңа жылға қадам басамыз. Ескі жыл еліміз үшін мерейлі әрі мерейтойларға толы жылы болды. Барлық салада да өсіп, өркендеу бар. Білім саласы да жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, балаларды жақсы көріңіздер, жақсы тәрбие мен білім беріңіздер. Өйткені, олар біздің болашағымыз. Жас бүлдіршіндерге зор денсаулық тілеймін, оқуда озат болып, зерек те білімді, тәрбиелі азамат болуларына тілектеспін. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын, – деген аудан басшысы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Әкім шыршасында Аяз ата, Ақшақар, Қар ханшайымдары, Қоян, Ұлу және түрлі ертегі кейіпкерлері жиналғандарға көңіл күй сыйлап, мерекелік кеш думанға ұласты. Әсем әндер мен тақпақтар айтылып, қойылымдар орындалды.
Аудан бойынша аудан әкімінің атынан 2000-ға тарта балаға сыйлық берілсе, демеушілер тарапынан тағы 1900 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Жаңа жылдық керемет қуаныш пен шаттыққа толы аудан әкімінің балаларға арналған шырша тойы балалар үшін өте қызықты және есте қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі