САРЫСУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы қызметіне Джарыкбасов Жуаныш Каликбергенович тағайындалды.
Джарыкбасов Жуаныш Каликбергенович 1988 жылдың 14 сәуірінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2020 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Джарыкбасов Жуаныш Каликбергенович еңбек жолын 2010 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің статисті қызметінен бастаған.
2011 жылы — Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2011 жылы — Сарысу ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2011-2012 жылдары — Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі аудан әкімінің бас инспекторы;
2012 жылы — Сарысу ауданы әкімінің көмекшісі;
2012-2013 жылдары — Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі аудан әкімінің бас инспекторы;
2013-1015 жылдары — Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас инспекторы;
2015 жылы — Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесі бас инспекторы;
2015-1016 жылдары — Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
2016-2019 жылдары — Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2019-2020 жылдары — Қазақавтожол ЖШС Павлодар облыстық филиалының директоры;
2020-2021 жылдары — Қазақавтожол ЖШС Павлодар облыстық филиалының бас директордың орынбасары;
2021-2022 жылдары — Тараз қаласы әкімінің бас инспекторының міндетін атқарушы;
2022-2024 жылдары — Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің басшысы қызметін атқарған.