Сарысу ауданында екі жұмысшы жұмыс орнында қаза тапты
Жамбыл облысы Сарысу ауданының өндіріс орынында екі жұмысшы қаза тапты. Олар фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда құрылғы қосылып кеткен. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының тілшісі Нұрдос Сембеков хабарлады.
Айтуынша, оқиға кеше кешкісін «Казфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын құрылғыны жөндеу кезінде ол кенеттен іске қосылып кеткен. Ішінде 5 жұмысшы зардап шегіп, 1987 және 1994 жылы туған екі қызметкер оқиға орнында бірден қайтыс болған. Ақпаратқа сай олар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген. Ал қалған 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.
aqjolgazet.kz