Сарысу ауданында ТЖ жөніндегі штаб отырысы өткізілді

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті атқару органдардың қатысуымен, Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында аудан көлемінде қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдың алу бойынша, тұрғындарды әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыруға бағытталған штаб отырысы өткізілді.
Осы отырыста өткен жылыту кезеңіндегі өткізілген іс-шаралар мен, жазатайым оқиғалар бойынша статистикалық деректер және ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар айтылды.