Сарысу даласы мыңыраған малға  толуда  

  Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашығы ел экономикасының негізгі драйвері  ретінде айрықша айтылғанын ел жақсы біледі. Және Ұлт көшбасшы ауыл шаруашылығын алшаң бастыра отырып, ет пен сүт кластерін дамытуды мықтап тапсырды. Оның ішінде ет экспортына ерекше көңіл бөлінгені белгілі. Әрине дәл қазір   «сыбаға», «құлан», «алтын асық» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалынып жатқан жұмыстар аз емес. Жамбыл облысында да елге үлгі қыларлық, көрсеткіштері кеңестік кезеңдегі межені діттеп қалған аудандар мен шаруа қожалықтары баршылық. Олардың қатарына Сарысу ауданын айрықша жатқызуға болады.
      Сарысу ауданында 2019 жылы мүйізді ірі қара  21 130 басқа, қой-ешкі 281 659 басқа, жылқы 6 697 басқа, түйе 2 158 басқа, құс 23 802 басқа жеткізіліп, 3 841,1 тонна ет, 3 149,5 тонна сүт, 2 302,3 мың дана жұмыртқа дайындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1 008 басқа, қой-ешкі 10 327 басқа, жылқы 347 басқа, түйе   6 басқа артып, 112,9 тонна ет, 65,3 тонна сүт, 63,3 мың дана жұмыртқа артық өндіріліп отыр.

Аудан бойынша мүйізді ірі қара малын селекциялық асылдандырумен айналысатын шаруашылықтардан бордақылау алаңдарына 356 бас бұқашық өткізілсе, қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардан 1 634 бас қозы немесе 35,2 тонна қой еті «Мерке Ет Комбинаты» және «Оңтүстік Халал» ЖШС-теріне экспортталған.

Әрине мал басының аман боулы үшін ветеринария салысының да алар орны ерек. Яғни екі сала қатар жүретіні даусыз. Биыл ауданда «Эпизоотияға қарсы» ветеринариялық іс-шаралар жоспары толық орындалған. Атап айтқанда, құтыру, аусыл, лептоспироз, сібір жарасы, қарасан, туберкулез, маңқа (сап), қарасүйел, брадзот, оба, эхинококкоз, тейлериоз, сақау ауруларына қарсы вакциналар жоспарға сәйкес толыққанды егілген.

         Одан бөлек, маусымдық кезеңде  24 550 бас МІҚ, 253 800 бас уақ мал, 45 бас жылқы, 2 072 бас түйе, 486 ит және 18 шошқаға бруцеллез ауруына қарсы тексеру жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде аудан бойынша 12 826 бас МІҚ (110,8 %), 132 903 бас уақ мал (102,4 %), 45 бас жылқы (100,0 %), 1 723 бас түйе (100,0 %), 486 ит (100,0 %) пен 18 шошқа (100,0 %) бруцеллез ауруына қарсы тексеріліп, жоспар толық орындалған.

Әрине әрбір тұяқтың саулығы мал басының артуына сеп болатыны анық. Сондықтан төрт түліктің күтімін жасау жөн тірлік. Мұндай бастама мен шаралар арқылы сарысулықтар күні ертең ен даланы маңыраған малға толтыратыны даусыз.

 

Дедек Төлен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.