«САРЫСУ – ҮЛКЕН ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚҚА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ»
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров Сарысу ауданына жасаған жұмыс сапарында айтты.
Облыс басшысының орынбасары Нұржан Сәбитұлы мен бірге келген облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев іссапар барысында аудандағы ірі өндірістік орындар мен жеке кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Жауапты сала мамандары әуелі Жаңатас қаласы мен Жаңаарық ауылдық округінің ортасында бой көтереген «KazChemTrading» цемент зауытында болды. Қазіргі таңда бұл жеке өндіріс орнына мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсетіліп, инфроқұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын. Тек жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша, экологиялық сараптаманың нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, іссапар барысында Нұржан Сәбитұлы «Жаңатас жел электростанциясы» электр энергиясын өндіру кәсіпорны мен «Еврохим» тау-кен кешендерінің жұмысымен танысты. Қос ірі кәсіпорындардың өндіріс қуаты мен негізгі капиталға түсетін инвестиция салымдары өте қомақты қаражатты құрайды.
Мұнымен қоса, сала басшылары Түркістан ауылдық округіне қарасты «Интеррин» өнеркәсіптік жарылғыш заттар шығарушы шағын зауытында болды. Тау-кен өндірісіне қажетті өнім түрін өндіретін кәсіпорында тұрақты түрде 30 адам жұмыспен қамтылған.
Жұмыс сапары барысында облыс басшысының орынбасары Н.Календеровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынасын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штаб отырысы өтті. Жиынға аудандағы ірі кәсіпорын және жеке кәсіпкерлік субъектілері мен аудан әкімдігінің бөлім басышылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысында облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ерлан Есіркепов баяндама жасап, ауданда еңбек шиеленістері мен наразылықтарды болдырмау, олардың алдын алу және жедел әрекет ету шаралары туралы түсіндірді.
Одар әрі Нұржан Сәбитұлы мен Аспандияр Мұраталыұлы «Асыл тұз» иодталған ас тұзын әзірлеу зауыты мен «Байтұр 2050» сүт өңдеу цехына және «QazaqSoda» калцийлендірілген сода, тұз өндіретін кәсіпорындардың басшыларымен кездесіп, жұмыс процесстерімен танысты.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі