«САРЫСУ» ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ
Аудан көлемінде барлық салада оң өзгерістер байқалуда.
Ауданда жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру, жаңа нысандарды ашу, көп қабатты үйлерді қайта қалпына келтіру және т.б. жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта ауданымызда «Жаңатас» жел электр станциясы мен қатар «Сарысу» жел электр станциясының құрылысы басталмақ.
«Сарысу» жел электр станциясы құрылысына жалпы 163,7 гектар жер бөлінген.
Инвесторы«Visor Kazakhstan» компаниясы жүргізіп жатқан жоба 2023 жылы мамыр айында іске қосылатын болады.
Электр энергиясының болжамды өндірісі:бірінші кезеңде 100 МВт-ты құрайды деп көзделген.
Жыл сайын 350-ден 400 млн. кВтэлектр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр.
Қазіргі таңда құрылыс барысында 280 адам тер төгуде, жоба толығымен іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Бүгін аталмыш станцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдиев Алмас Өскенбайұлы және аудан әкімі Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлы барып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Осындай игі істің бастап жатқан компанияға қариялар қауымы да ізгі тілектерін арнады.
Д. ҮМБЕТИЯРОВА, САРЫСУ АУДАНЫ