САРЫСУДА АУЫЛ ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Қоғамдық пікір сауалдамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн» деген болатын. Міне, Президенттің бұл бастамасы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіліп, «Сайлау туралы» заңға өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Құжат ағымдағы жылдың 4-маусымында күшіне енді.
Аталған заң аясында 28 қараша күні Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлау №384 сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 07:00-де мемлекеттік әнұранмен басталды. Өз таңдауын жасауды азаматтық парызы деп білген, алғаш болып дауыс берушілерге сайлау комиссиясы сый-сияпаттар табыстады.
Айта кетейік, екінші жартыжылдықтың ішінде ауданда бұған дейін Жаңарық пен Досбол ауылдық округтерінде ұйымдастырылды.
Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауына жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Олардың қатарында өзге ұлт өкілі мен дауыс беру құқығына ие болған жастар да бар. Солардың бірі – Дастан Сауытбек. Ол күні кеше ғана отан алдындағы борышын өтіп, ауылған келген. Енді сайлауға дауыс беріп, азаматтық парызын орындады.
– Өскемен қаласының № 5518 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды өтеп, ауылға аман-есен оралдым. Әкім сайлауы өтіп жатқандығын естіп, бірден мәдениет үйіне келдім. Өз таңдауымды жасап, үйге мерекелік көңіл-күйде қайтып барамын, — деді өз сөзінде жас сарбаз.
Сондай-ақ, округ әкімінің сайлауында үй-жайдан тыс 64 азаматтың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалынды. Қазыналы қария кандидаттардың еңбек жолымен танысып, өз таңдауын жасады. Ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сайлауға «Nur Otan» партиясынан және өзін-өзі ұсынған 2 кандидат қатысты. Сайлау барысын 3 бақылаушы мен кандидаттардың 2 сенімді өкілі дауыс беру процессін өз қадағалауына алды.
Мұнымен қоса, Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауында үй-жайдан тыс 64 азаматтың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, дауыс беруге арналған жылжымалы бюллетень жәшігін ең әуелі 80 жастағы қарт ана Шырынкүл Жетібаеваның үйіне апарды. Қазыналы қария кандидаттардың еңбек жолымен танысып, өз таңдауын жасады. Ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды, артынша комиссия мүшелері санақ жүргізді. Дауыс беру нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Күзембаев Медет Әбдікәрімұлы 839 дауыс (96,99%), өзін-өзі ұсынушы Махажанова Гүлсім Тәнірбергенқызы 26 дауыс (3,01%) жинады. Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен енгізілген «Барлығына қарсымын» бағаны бойынша көрсеткіш — 00 адам (0,0%), жарамсыз деп танылған- 2 бюллетень (алып кеткен — 00).
Осылайша қорытынды дауыс беру нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Күзембаев Медет Әбдікәрімұлы (жұмыссыз) 839 дауыс жинап (96,99%), Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылдық округі әкімі боп сайланды.
Айта кетейік, сайлауда жергілікті құзырлы органдарға арыз-шағым түскен жоқ. Сондай-ақ, саяси маңызы бар шарада барлық санитарлық талаптар сақталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі