Сарысуда баға бақылауда
Апта сайын ауданымыздың әр ауылдық округінен өз өнімдерін жеткізетін шаруалар таң азанымен тауарларын жайғастыра бастады. Әр сенбі күні делдалсыз сататын кәсіпкерлер тиімді бағада жеміс-жидек, көкөніс, ет пен сүт өнімдерін тұрғындарға ұсынды.
Жаңа оқу жылының маусымы басталғандықтан саудагерлердің мектеп формалары мен құрал-жабдықтары да жеңілдетілген бағада сатылды.
Маңызды азық-түлік маңайына жиналған жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, ет, балық өнімдеріне кезек көп болды. Сатушылар сұраныстың көптігі сонша есептелген тауардың мөлшері түске дейін бітіп қалуы мүмкін екендігін жеткізді. Тиімді бағаның игілігін көрген тұрғындар жәрмеңкеге оң бағасын берді.
Айта кету керек, жәрмеңкеге қойылатын баға тікелей аудан әкімдігі бекіткен шамадан аспауы тиіс. Бағаны бақылау мақсатында әкімдік қызметкерлері тікелей қадағалау жұмыстарын жүргізді. Бағаның шарықтауына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі